Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда АЭС-тің құрылысы 1,5 жылдан соң басталуы мүмкін

Нысан 10 жыл салынады 

 Дәурен Ерболат 08.10.2024 | 12:52
Қазақстанда АЭС-тің құрылысы 1,5 жылдан соң басталуы мүмкін
Фото: "Росатом" баспасөз қызметі

Елімізде атом электр станциясының (АЭС) құрылысы 1,5 жылдан соң басталуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысының орынбасары АЭС-ті салатын консорциум құрамында 5 мемлекет болатынын жеткізді. Алайда нысанның құрылысын бастау үшін алдымен құжаттарды әзірлеу керек. 

Консорциум мүшелері тізімі, құжат қашан жасалады, мердігер, жобалаушыға қатысты шешім қашан қабылданады деген сұрақтарға 2025 жылы жауап ала аламыз. Әлем мойындаған компаниялар техникалық-экономикалық негіздемені 1 жыл, ал жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1,5 жыл керек. Бұл – өте қысқа уақыт. Содан кейін (АЭС-тің) құрылысы басталады, - деді Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама