Halyq Uni логотип
×

Қуаты жылына 1 млн тоннаға жететін қант зауытының жобасы таныстырылды

Елімізде тағы бір өндіріс іске қосылмақ

 Қымбат Елтайқызы 08.10.2024 | 10:50
Қуаты жылына 1 млн тоннаға жететін қант зауытының жобасы таныстырылды
фото: pinterest.com

Үкіметте өңдеу қуаты жылына бір миллион тонна болатын қант зауытының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен қант зауытын салу бойынша инвестициялық ұсыныс таныстырылды. Жобаны «К-Агро Холдинг» және «Бәйтерек» холдингі жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Болашақ зауыттың орны Жамбыл облысында деп белгіленді, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жобаға сәйкес, зауыттың өңдеу қуаты тәулігіне 8-10 мың тоннаны құрайды. Бұл жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуге және 130 мың тоннаға жуық қант өндіруге мүмкіндік береді, – деп қосты ведомство.

Сонымен қатар, өңдеу қуатын арттыру үшін жұмыс істеп тұрған қант зауыттарына жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс жаңа зауыттың құрылысымен бірге Қазақстанға қант бойынша импортқа тәуелділікті кезең-кезеңімен төмендетуге және қант қызылшасынан тереңдете қайта өңделген өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта елімізде қант қызылшасын өңдеу бойынша жалпы тәуліктік қуаты 8,7 мың тонна және 2,4 мың тонна қамыс құрағын өңдейтін 4 қант зауыты жұмыс істейді. 2023 жылы республикада қантты ішкі тұтыну көлемі 507 мың тоннаны құрады. Ел қажеттілігінің негізгі көлемі ЕАЭО елдерінен дайын қантты импорттау және қамыс құрағын өңдеу есебінен қамтамасыз етіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама