Қазақстандағы электр энергиясының қаншасы жасыл энергиядан алынады?
2060 жылға қарай Қазақстан 7 ГВт жаңартылатын энергия көздері қуатын енгізуге тиіс.
Бүгінде Қазақстанда өндірілетін энергияның 6%-дан астамы жаңартылған энергия көздері өндіріп отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кейінгі жылдары ел үкіметі жасыл энергияға отандық энергетиканың маңызды векторы ретінде қарай бастады. Мәселен, былтыр елімізде өнірілген барлық энергияның 6%-дан астамы жаңартылған энергия көздерінен, яғни күн, жел мен судан өнірілген. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстанда ЖЭК белгіленген қуаты 2,9 мың МВт құрады. 2022 жылы қуат көлемі 2,4 мың МВт, яғни бұдан 20,1% кем болған еді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін елімізде жасыл энергия нысандарының қуаттылығы 5,4 есе артқан. Бүгінде ел аумағында белгіленген қуаты 2 883,54 МВт болатын 146 ЖЭК объектісі (100 кВт-тан жоғары) жұмыс істейді. Оның ішінде қуаттылығы – 1 409,55 МВт 59 жел электр станциясы, қуаттылығы – 1 202,61 МВт 45 күн электр станциясы, қуаттылығы – 269,605 МВт 39 гидроэлектростанция мен қуаттылығы – 1,77 МВт болатын 3 биогаз электр станциясы бар.
2023 жылдың соңында ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 6,675 млрд кВтсағ (ЖЭС – 3824,99 млн кВтсағ; КЭС – 1 853,95 млн кВтсағ; ГЭС – 993,87 млн кВтсағ; биоэс – 2,71 млн кВтсағ) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 5,92% құрады.
Қазақстан үкіметінің 2035 жылға дейін энергетикалық саланы дамытуға арналған тұжырымдамадасына сәйкес, елімізде 35 жел және 12 электр станциясын салу көзделіп отыр.
Еске салсақ, 2060 жылға қарай Қазақстан көміртекті бейтараптандыру бойынша міндеттемелерді орындау үшін 7 ГВт жаңартылатын энергия көздері қуатын енгізуге тиіс.