×

«Отбасы банк» төлем терминалдарын жабады

Бұл өзгеріс 2025 жылдан бастап енгізіледі 

 Халық үні 07.10.2024 | 14:44
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

«Отбасы банк» 2025 жылдан бастап депозитті толықтыру және кредитті өтеуге болатын төлем терминалдарын жабады. Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.

Бұл шешім процесті оңтайландыру және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қабылданді, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ «Отбасы банк» келиенттерге төлем жасау үшін бірнеше балама нұсқа ұсынып отыр:

  • Halyk Bank, CenterCredit, Еуразиялық банктің терминалы мен банкоматы;
  • Kaspi Bank, Halyk Bank және CenterСredit Банк интернет-банкингі арқылы;
  • «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде;
  • Otbasy Bank lite, Jysan Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, RBK Банкі, Bereke Bank, Kaspi bank мобильді қосымшасы арқылы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама