Halyq Uni логотип
×

Контейнерлік жүктерді Еуропадан Қазақстанға кері жүктеу мәселесі пысықталды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 Динара Амантай 06.10.2024 | 16:16
Контейнерлік жүктерді Еуропадан Қазақстанға кері жүктеу мәселесі пысықталды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Көлік министрі Марат Қарабаев Оңтүстік Кореяның LX Pantos Co Ltd., көлік-логистикалық компаниясының басшысы Ли Али Хо-мен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнерлік жүктерді Еуропадан Қазақстанға кері жүктеу мәселесін пысықтады. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық пен қолданыстағы транзиттік дәліздер мен жаңа маршруттар шеңберінде «LX Pantos» компаниясының қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша «PTC Holding» ЖШС мен «LX Pantos» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетсек, LX Pantos Co., Ltd. – LG Group ірі конгломератының құрамына кіретін Оңтүстік Кореяның жетекші көлік-логистикалық компаниясы. 1977 жылы құрылған «LX Pantos» логистикалық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Соның ішінде теңіз, әуе және теміржол көлігі, қойма, тарату және сандық логистикалық шешімдер. Бүгінгі таңда компания Кореядағы ең ірі логистикалық компания және әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Компания жыл сайын теңіз арқылы 1,5 млн ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) және әуе көлігімен 120 мың тоннадан астам жүк тасымалдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама