Үкімет 1,5 млрд доллардың еурооблигациясын нарыққа сәтті шығарды
Бұл инвесторлардың елімізге деген сенімі жоғары екенін көрсетеді
Қазақстан Үкіметі жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын еурооблигацияны нарыққа сәтті шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәмілені ұйымдастырушылары ретінде Citi, JPMorgan, Societe Generale және BCC Invest компаниялары қатысты.
Қазақстан 2015 жылдан бері алғаш рет АҚШ долларымен номинацияланған еурооблигация нарығына сәтті оралды. Осылайша, 10 жылға 1,5 млрд доллар болатын шығарылымды 4,714% купон мөлшерлеcімен нарыққа орналастырды.
Мәміле жоғары инвестициялық рейтингі бар мемлекеттерге ғана қолжетімді бір күндік виртуалды роуд-шоудан кейін іске асырылды. Бір күнде АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан 100-ден аса инвесторлармен кеңес өткізілді. Бұл Қазақстанның және оның экономикалық көрсеткіштеріне халықаралық капитал нарығында сенімді және жоғары дәрежелі эмитент ретінде инвесторлардың елімізге деген қызығушылығы мен сенімі жоғары екенін көрсетеді, - деп жазылған хабарламада.
Moody's агенттігі Қазақстанның егеменді рейтингін Baa1 деңгейіне (тұрақты болжам) дейін көтеруі сәтті орналастырудың маңызды факторы болды.
Бұл еурооблигациялар шығарылымы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономикалық өсімін қолдайды. Сонымен қатар орналастырудың қолайлы шарттары Қазақстаннан шығатын квазимемлекеттік және корпоративтік эмитенттер үшін халықаралық капитал нарығына шығуға бенчмарк (бағдар) жасайды, - деп жазылған хабарламада.
Еурооблигация Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылды.