Қазақстан мен бірқатар ел Түркі елдерінің ынтымақтастығы күнін атап өтті
Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан әрі Өзбекстан Түркі елдерінің ынтымақтастығы күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 15 жыл бұрын дәл осы күні Нахчыван қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойылып, кейін ол Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) болып өзгертілді. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ТМҰ өзін бейбітшілік пен тұрақты дамуды нығайтуға үлес қосуға ұмтылатын халықаралық қатынастардың толыққанды және беделді субъектісі ретінде жариялай алды.
Түркі интеграциясы транзит әрі көлік, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт мәселелерінен бастап, қомақты гуманитарлық блокпен аяқталатын кең ауқымды ынтымақтастықты қамтиды. Қазақстан – ТМҰ қызметі аясында интеграцияны дамыта отырып, Ұйымның бастамашысы және негізін қалаушы мемлекеттердің бірі, – деп қосты ведомство.
Бұған түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған, сегіз басымдықты қамтитын TURKTIME! ұранымен қабылданған мемлекетіміздің биылғы ТМҰ-дағы төрағалығының бағдарламасы дәлел.