Halyq Uni логотип
×

Жиһаз өнеркәсібін дамытуға 8 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Өнімнің бір бөлігі шетелге экспортталады

 Дәурен Ерболат 03.10.2024 | 16:01
Жиһаз өнеркәсібін дамытуға 8 млрд теңге инвестиция тартылмақ
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда жиһаз өнеркәсібін дамытуға шамамен 8 млрд теңге инвестиция тартылады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде жиһаз өнеркәсібінің инвестициялық портфелі құны 17 млрд теңгеден асады. Жалпы 9 жобаны іске асыру жоспарда бар. Нәтижесінде мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Биыл Түркістан облысында құны 9,2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 375 жаңа жұмыс орны ашылды. Өнімдердің негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталды.

Сондай-ақ жыл соңына дейін Павлодар облысында бір жоба іске қосылады. Жобаның құны – 388 млн теңге. Кәсіпорын кеңсе мен мектеп жиһазын өндіреді, онда шамамен 30 адам жұмыс істейді.

Шымкент қаласында құны 800 млн теңге болатын 3 жоба бар. Мұнда жиһаз, медициналық жиһаз және металл шкафтар өндіріледі. Жобалар іске қосылса, 102 адам жұмыспен қамтылады. Жаңа кәсіпорындар өнімнің 9%-ға жуығын шетелге экспорттайды.

Сонымен қатар Абай облысында жалпы құны 7,5 млрд теңгенің кеңсе жиһазын өндіру жобасы бар. Онда 530 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жобаның негізгі инвесторы – Қытай.

Аталған жобаларды іске асыру барысында жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына тағы 8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылмақ. Жобалар негізінен еліміздің ішкі қажетін қамтамасыз етеді. Негізгі инвесторлар – Қазақстан мен Қытай, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама