Halyq Uni логотип
×

Елімізде 41 млн тоннадан астам жемшөп даярланды

 Қымбат Елтайқызы 03.10.2024 | 13:00
Елімізде 41 млн тоннадан астам жемшөп даярланды
фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Биыл өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14%– құрады (2023 жылы-13%). 24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен - 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған, – деп қосты министрлік.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, 32,1 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 87,6 %, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 108,5%, 2,5 млн тонна құрама жем (44,9%), 1,6 млн тонна сүрлем (83,5%) және 3,1 млн тонна сабан дайындалды (67,7%).

Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама