Биыл Қазақстанда ұн тапшылығы болмайды – АШМ
Бүгінде жиналған бидайдың 70%-ы сапалы
Биыл Қазақстан бидай мен ұннан таршылық көрмейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оңтүстік өңірлерде егін орағы аяқталды, ал солтүстікте жалғасып жатыр. Қазір жиналған бидайдың 60-70%-ы сапалы. Жиналатын бидай Қазақстанға да, ұнды өндіретін кәсіпорындарға жетеді. Осылайша, бидай өңдеуді, оның ішінде терең өңдеуді қамтамасыз ете аламыз. Елімізде жиналауы керек бидайдың қоры экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді Ермек Кенжеханұлы Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Министрдің орынбасары ұнның бағасын нарықтағы сұраныс анықтайтынын атап өтті.
Ұнның бағасы қандай болатынын айтуға әлі ерте. Себебі, нарықтағы жағдай құбылмалы, бидайдың бағасы нақтыланып жатыр. Сондықтан бидайдың бағасын болжай алмаймын, - деді вице-министр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 20 млн тонна астық бастырылғаны хабарланған еді.