×

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Олар ертең сатылымға шығады

 Қымбат Елтайқызы 02.10.2024 | 14:00
фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық банк мәліметінше, монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» –  бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек, – деп қосты ведомство.

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

Коллекциялық монеталар еліміздің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстанның барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар еліміздің теңге сарайында соғылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама