Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Олар ертең сатылымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық банк мәліметінше, монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.
SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» – бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек, – деп қосты ведомство.
Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.
Коллекциялық монеталар еліміздің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстанның барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар еліміздің теңге сарайында соғылады.