Қостанай облысында 90 млн теңгеге жуық залалдың алды алынды

Қымбат Елтайқызы

Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылық анықталды

фото: Halyq Uni

Қостанай облысында прокурорлар мемлекетке келтірілетін залалдың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қостанай ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Мәселен, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 859,6 млн теңгеге Мәскеу ауылында су құбырын салуға шарт жасалған. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 43-бабы 9-тармағына сәйкес, өнім беруші шарттың орындалуын 89,4 млн теңгеге қамтамасыз етуді енгізген, – деп қосты ведомство.

Шарт бойынша нысанды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 20 шілдеге жоспарланған, алайда мердігерлік ұйым іс жүзінде жұмыс істемеген, нәтижесінде шарт біржақты тәртіппен бұзылған. Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушіге қайтарылмайды, бірақ тиісті бюджет кірісіне есептеледі. Заң талаптарына қарамастан, тапсырыс беруші құрылыс бөлімі атынан мемлекет кірісіне соманы өтеу жөнінде шаралар қабылдамаған. Аудан прокуратурасының араласуынан кейін сот тәртібімен 89,4 млн теңге өндіріліп, мемлекет кірісіне өтелді.