×

Ақмола облысында 70 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Жерге қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды

 Қымбат Елтайқызы 01.10.2024 | 15:10
фото: Halyq Uni

Заңсыз берілген жер учаскесі Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, дейді Ақмола облысының прокуратурасы.

Жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша нарықтық құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, – деп қосты ведомство.

Қазіргі таңда аталған бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама