Атырауда жаңа зауыт іске қосылды
Жобаның құны 1 млрд теңгеден асады
Атыраудағы ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінде жаңа зауыт өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, кәсіпорын «Интаго Қазақстан» компаниясына тиесілі. Кәсіпорын жыл сайын 15 млн шаршы метрден асатын сапалы тоқылмаған геосинтетикалық материал өндіре алады және онда 40 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл республиканың ішкі сұранысын айтарлықтай қанағаттандырып, импортты алмастыруға мүмкіндік береді.
Жобаның құны – 1 млрд 365 млн теңге. Оның 613 млн теңгесін қор бөлді. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 3%, лизинг 8 жылға берілді.