Halyq Uni логотип
×

Халықаралық банктер елдің биылғы экономикалық өсім болжамын өзгертті

Оған су тасқыны мен мұнай өндірудің азаюы себеп болып отыр

 Ербол Тұрымбет 26.09.2024 | 19:06
Халықаралық банктер елдің биылғы экономикалық өсім болжамын өзгертті
Фото: Halyq Uni

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және Азия Даму Банкі өздерінің жаңартылған макроболжамдарын жариялады. Онда Қазақстан экономикасына қатысты болжамдары белгілі себептерге байланысты біршама төмендеген. Олар су тасқыны мен мұнай өндірудің баяулауына, сондай-ақ, экономиканы ынталандыруға қатысты мемлекеттік шығыстардың ұлғаю болжамдарына байланысты еліміздің жалпы ішкі өнімінің болжамын түсірген. Бұл туралы экономист Ғалымжан Айтқазин авторлық телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Экономистің жазуынша, ЕҚДБ қыркүйектегі биылға арналған өсу болжамын мамырдағы 4,5%-дан 4%-ға дейін төмендеткен. Дегенмен, экономикалық өсім бірінші жартыжылдықтағы жылдық 3,2%-дан жалпы 2024 жылы 4%-ға дейін өсетінін айтқан. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылым мен тұрғынүйлерді қалпына келтіруге жұмсалатын мемлекеттік шығындар экономикалық өсімді қамтамасыз етуі мүмкін екенін атап өткен.

Сонымен қатар, 2025 жылы «Теңіз» мұнай кен орнының жоспарланған кеңеюі аясында нақты ЖІӨ-нің 5,5%-ға өсуі болжанып отыр.

АДБ да ОПЕК+ келісіміне сәйкес мұнай өндірудің қысқаруына байланысты Қазақстанның 2024 жылғы экономикалық өсу болжамын сәуірдегі 3,8%-дан 3,6%-ға дейін төмендеткен. АДБ да ЕҚДБ сияқты, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өсімнің баяулау факторлары ретінде мұнай өндірудің төмендеуін және ауқымды су тасқынын көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама