×

Қазақстан Ұлыбританияға дәнді дақылдар мен ет экспортын ұлғайтады

Екі ел бірқатар келісімге келді

 Қымбат Елтайқызы 26.09.2024 | 09:49
фото: Halyq Uni

Қазақстан және Ұлыбритания ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін министр Айдарбек Сапаров Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен кездесуде талқылады. Министр АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың әрі мемлекеттер арасындағы тауар айналымы көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда дәнді дақылдарды, кондитерлік пен ұн өнімдерін, ет және ет өнімдерін, өсімдік майын әрі тағы басқаларды жеткізуді ұлғайтуға мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынамыз, – деді Сапаров.

«Қазақстанның аграрлық секторда үлкен тәжірибесі бар екенін ескеріп, біз сіздермен ынтымақтастықты тереңдетіп, АӨК өнімдерінің тауар айналымын арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істегіміз келеді. Биыл дәнді дақылдардың мол өнімін күтудесіздер, мал шаруашылығы да дамып жатыр. Осы ретте, бізде көптеген ынтымақтастық үшін себептер бар», – деді Кэти Лич.

Тараптар Ұлыбританияға сүт пен ет өнімдерін, оның ішінде жылқы өнімдерін жеткізуге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарап сонымен қатар аграрлық ғылым саласында, атап айтқанда қой және жылқы шаруашылығындағы селекциялық-генетикалық жұмыс, технологиялар трансферті әрі мамандар біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды, – деп қосты векдомство.

Бұнымен бірге, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру бойынша инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру ниеті бар.

Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ол инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты мерзімдері, кезеңдері мен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттер арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі шараларды айқындайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама