×

Ресей газының транзиті 3 есе артқан

Көрсеткіш тағы өсуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 25.09.2024 | 16:56
Фото: Depositphotos.com

Қазақстан аумағы арқылы өтетін Ресей газының транзиті 3 есе артты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы 1,28 млрд текше метр Ресей газы тасымалданған.

Биыл қаңтар-тамызда көрсеткіш 3,47 млрд текше метрге жетті. Еліміздің аумағы арқылы газ тағы 4 ай тасымалданады.

Бұған дейін Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан арасында «газ одағын» құру мәселесі талқыланған еді. Бұл одаққа өзбек тарапы қосылмайтынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама