Бірқатар тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, кездесуде Мемлекет басшысына Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Жанат Элиманов Заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты, – делінген ақпаратта.
Президент Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.