Қазақстан жоғары өнімді мақта өсіруге кірісті

Қымбат Елтайқызы

Бәсекеге қабілетті мақта сорттары жасалмақ

фото: inform.kz

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен мақтаны селекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жобаның негізгі мақсаты – елдің әртүрлі топырақ-климаттық зонасында тұрақты өндірісті қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мақта сорттарын жасау, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

24-25 сәуірде селекциялық питомниктерде әрі қарай будандастыру үшін үлгілер мен гибридті комбинациялар салынды. Жобада 33 станциялық үлгі, 26 гибридті комбинация және биологиялық питомниктен 420 үлгі қатысады. Сондай-ақ, М-4011 және М-5027 сорттарының 40 тонна элиталық тұқымын алу жоспарланған, – деп қосты ведомство.

Ғалымдар жаңа жасалып жатқан орташа талшықты мақта сорттары гектарынан 45-50 центнерден жоғары өнімділік беретінін және 110-117 күннен кейін жинауға болатындай ерте пісетіндігін айтады. Талшық сапасы да таңқаларлық – шығымы 38-40%, талшық ұзындығы 33-34 мм. Кейінгі селекциялық жұмыстар үшін үлгілерді іріктеу жұмыстары басталды. Бағдарлама қорытындысы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы сынақтары мен сорттарының мемлекеттік комиссиясына жаңа сорт беріледі.

Вегетация кезеңінде өсімдіктерге тыңайтқыш енгізу, қатараралық өңдеу, зиянкестермен күрес және суаруды қоса алғанда, кешенді күтім жасалды. Мақтаны жинау қыркүйектің басында басталды. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері индоселекциялық үлгілер жоғары өнімділік көрсетіп жатқанын растайды.