Ресейден елімізге 170 тонна картопты заңсыз әкелуге тырысқандар жазаланды

Қымбат Елтайқызы

Картоп кері қайтарылды

фото: Halyq Uni

Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелуге тырысқандар жазаға тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылықты анықтады, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты, – деп қосты ведомство.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.