Қазақстанда жасалған ауыл шаруашылығы техникасы Моңғолияға сатылмақ

Дәурен Ерболат

Зауыт жылына 600 техника шығарады

Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Жұманғарин өңірдегі компанияларды аралаған. Оның бірі –  «Avagro» ЖШС. Зауыт жылына 600 ауыл шаруашылығы техникасын шығарады. 2023 жылы өндіріс көлемі 4,6 млрд теңге болды. Компания еңбек өнімділігін арттыруға қуатты, алайда ол үшін жаңа нарық қажет. 

Кәсіпорын директорының орынбасары Елена Губченко қазір өсімдік шаруашылығы дамып жатқанын атап өтіп, вице-премьерден Моңғолия нарығына шығу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің өкіліне өндірушінің өнімдерін экспорттау үшін қос елдің сауда ведомстволары арасында байланыс орнатуды тапсырды.