Қаржылық технологиялар да назардан тыс қалған жоқ
Қазақстан және Грузияның орталық банктері Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Грузия Ұлттық банкі төрағасының міндетін атқарушы Натела Турнавамен кездесті, деп мәлімдеді еліміздің Ұлттық банкі.
Кездесу барысында орталық банктердің басшылары ағымдағы макроэкономикалық ахуал мен ақша-кредит саясаты мәселелерін, қаржылық технологиялар, төлем жүйелері саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, орталық банктер қызметінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, – деп қосты ведомство.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум ақпарат алмасу мен өзара консультациялар өткізу арқылы өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Меморандумға қол қою – қаржы саласындағы Қазақстан-Грузия ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадамның бірі.