×

Тауар биржалары микро және шағын бизнес санатынан шығарылады

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

 Динара Амантай 18.09.2024 | 12:33
Фото: Halyq Uni

Тауар биржалары мәселелері бойынша түзетулер биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды қатаңдатып, мемлекеттік бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мәжіліс тауар биржалары мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер бойынша тауар биржаларын микро және шағын бизнес санатынан шығару, сондай-ақ брокерлер мен клиринг орталықтарын лицензиялауды енгізу ұсынылып отыр.

Мемлекеттік бақылау саласында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің де құзыреті кеңейтілді: ол биржалық саудаға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізіп, тауар биржаларын лицензиядан айыруға және оларды тоқтатуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Үкімет конкурстық негізде әлеуметтік маңызы бар биржа тауарларының саудасы іске асырылатын тауар биржаларының тізбесін айқындайды. Тауар биржаларының тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітіп, оған көмір, бидай, мұнай және бірқатар азық-түлік өнімі кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама