Halyq Uni логотип
×

Енді қарызыңыз болса да есепшотыңыз бұғатталмауы мүмкін

Қарыз 22 мың теңгеден асқанда есепшот бұғатталуы ықтимал

 Дәурен Ерболат 17.09.2024 | 18:32
Енді қарызыңыз болса да есепшотыңыз бұғатталмауы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Жаңа салық кодексі аясында қазақстандықтың 1 теңге қарызы болса да есепшотын бұғаттамауды көздейтін норма енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды. 

Ержан Біржановтың айтуынша, енді қазақстандықтың 1 теңге қарызы болса да оның есепшоты бұғатталмауы мүмкін.

Біріншіден, бүгінде әлеуметтік төлемдер бойынша (медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы) берешек 1 теңгеден асса, онда шаралар қабылданады. Енді мемлекет басшысының тапсырмасын ескеріп, біз берешек сомасын саралаймыз. Біз 20 АЕК-ке (73 840 теңге) дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданбаймыз, яғни есепшотты бұғаттамаймыз. Азаматқа күн сайын қарыздың өсімпұл есептелетінін ескертіп, хабарлама жіберемеміз. Салықты төлеу маңызды екенін түсіндіреміз, - деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Екіншіден, градация 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке дейін (74 мың теңгеден 166 мың теңгеге дейін) өседі.

Мұндай жағдайда салық төлеушіге салық берешегін өтеу керегі туралы хабарлама жібереміз. Талап орындалмаса, біз 30 күн ішінде шара қолданамыз. Үшіншіден, салық төлеуші қарызды өтесе, мәселе жабылады, ал өтемесе, біз есепшотты бұғаттаймыз. Мысалы, салық төлеушінің қарызы 166 мың теңгеден асса (45 АЕК), алайда ол талапты орындамаса, біз тек есепшотты бұғаттаумен шектелмейміз. Мұндай жағдайда салық төлеушінің мүлік хаттаудан өткізіп, қарызды дебитордың есебінен өндіріп аламыз. Осылайша, біз қарыз сомасын саралаймыз, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама