Halyq Uni логотип
×

Бес өңірде өнеркәсіптік өндіріс көлемі едәуір артты

Қандай өндіріс түрлерінің дамыған да белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 17.09.2024 | 12:29
Бес өңірде өнеркәсіптік өндіріс көлемі едәуір артты
фото: Halyq Uni

2024 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 103% құрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-тамыз аралығында 31 816,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Оның ішінде кен өндіру саласында – 14 603,8 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 45,9%), өңдеу саласында – 14 957,4 млрд теңгеге (47%).

Өңірлер арасында едәуір өсім Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Астанада байқалды, – деп қосты ведомство.

Табиғи газ шығару (104,6%) және металл кендерін (107,5%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 101% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,9% құрады. Өсім химия өнеркәсібі өндірісінде – 8,6%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 15,6%, металлургия – 8,7%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 30,1%, машина жасауда – 4,3%, өзге де дайын бұйымдарда 1,6 есе белгіленді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің – 6,5%, құбыр бойынша газ тәрізді отын өндіру және таратудың 5,9% артуы есебінен индекс 105,9% құрады, – деп толықтырды бюро.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама