Утилизациялық алым мәселесін реттеу үш министрлікке жүктелді
Тоқаев утилизациялық алым мөлшерін қайта қарауды тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында утилизациялық алым мәселесін реттеуді үш министрлікке жүктеп, бірлескен ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Нақты сектор бойынша мынандай міндеттер тұр. Бірінші, утилизациялық алым мәселесі бойынша Экология министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, нақты іске асыру механизмдері мен тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 2015 жылдың желтоқсан айында құрылған «Оператор РОП» ЖШС утилизациялық алымнан қанша қаражат тапқанын және аталған соманың қайда жұмсалғанын айтты.
2016 жылдан бүгінге дейін кәдеге жарату төлемі (авт. утилизациялық алым) түрінде түскен ақша қаражатының көлемі 691,9 млрд теңгені құрайды. Алынған қаражат ҚР қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікке жол салды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге және салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңге құйды, - деді Серікқали Брекешев.
Серікқали Брекешев министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру немесе өнеркәсіпті дамыту қоры базасында, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау, сондай-ақ отандық КО мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер ұсыну бойынша мәселелер пысықталып жатқанын айтты.
Еске салайық, 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында автокөліктер үшін төленетін утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарап шығуды тапсырды. Нақтырақ, Үкіметке утилизациялық алымды және «Оператор РОП-тың»сол утилизациялық алымды иелік етуін тоқтату бойынша тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.
Бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет. Ал алымның өзіне келер болсақ, оның мөлшерін қайта қарау қажет, - деді Президент.