Биыл Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы жиіледі
Көлікпен тасу көлемі артқан
Көлік министрлігі Ақмола облысында қандай көлік дәліздері жөндеуден өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайын тексеріп, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, Ақмола облысына жұмыс сапары барысында министр өңір тұрғындарымен сұрақ-жауап форматында дәстүрлі кездесу өткізді, деп мәлімдеді Көлік министрлігі.
Мәселен, өңірдегі орташа жөндеу бағдарламасын кеңейту аясында Көкшетау-Зеренді, Макинск-Ақсу-Торғай және Көкшетау-Омбы сияқты көлік дәліздері жөнделеді. Зеренді курорттық аймағының дамуын, сондай-ақ Көкшетау-Зеренді учаскесінде қозғалыс қарқындылығының ұлғаюын ескере отырып, қозғалысты жол белгілерімен реттеу арқылы көліктің 3 жолақты реверсивті қозғалысы құрылғысын орнатумен ұзындығы 47 шақырым учаскені қамтитын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Мамандар жұмыстың белгілі бір бөлігіне кірісті. Жұмыстарды толық аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр. 2025 жылы Көкшетау-Омбы жолының 36 шақырымдық учаскесіндегі жұмыстар да аяқталады. Бұл жол Ресей Федерациясына Солтүстік Қазақстан облысы арқылы шығуды қамтамасыз етеді, – деп қосты ведомство.
Халықпен кездесу барысында тұрғындар жаңа ережелер бойынша шетелдік рұқсат бланкілерін беруге қатысты сұрақтар қойды. Министр 5-6 қыркүйекте Үрімші қаласында Көлік министрлігі, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және ШҰАА көлік департаменті өкілдерінің қағаз бланкілерінен электрондық форматқа көшуге қатысты кездесуі өткенін атап өтті.
Биыл ҚР мен ҚХР арасындағы автомобиль жүк тасымалының айтарлықтай өсімі байқалып, 2024 жылдың басынан бері 170 000 бланкі алынды. Мысалы, 2023 жылдың 8 айында 113.000-нан астам бланк пайдаланылды. Екі тараптың техникалық мамандары осы жобаны іске асыру үшін қажетті практикалық іс-шаралардың егжей-тегжей жоспарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024 жылдың қарашасында электрондық рұқсат бойынша алғашқы тестілеуді өткізуге және 2025 жылдың қаңтарынан бастап рұқсат бланкілерімен электрондық алмасу жүйесін іске қосуға келісті.