Halyq Uni логотип
×

Келесі жылы өңірлерді дамытуға 7,4 трлн теңге бөлінбек

Әлеуметтік саланы қолдауға 9,8 трлн теңге қарастырылған 

 Дәурен Ерболат 12.09.2024 | 12:22
Келесі жылы өңірлерді дамытуға 7,4 трлн теңге бөлінбек
Фото: Halyq Uni

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат төмендегі салаларға бағытталатынын айтты:

  • 2025 жылы әлеуметтік саланың шығысы 9,8 трлн теңге болады. Бұл биылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге көп. 
  • Келесі жылы әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге қарастырылған. Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге және алушылар контингентін ұлғайтуға 626 млрд теңге көзделеді.
  • 2025 жылы білім беруді дамытуға 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 116 млрд теңгеге артық.
  • Осылайша, университеттегі студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20 пайызға өседі. Нәтижесінде бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін 117 098 теңге болады;
  • 2025-2027 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне 7,6 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 2025 жылға 2,4 трилион теңге бөлінеді. Бұл осы жылмен салыстырғанда 133 млрд теңгеге көп. 
  • 2025 жылы Туризм мен спортты дамытуға бюджеттен 141 млрд теңге бөлінеді;
  • Келесі жылы мәдениет пен ақпаратты дамытуға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 164 млрд теңге көлемінде болады;
  • 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет есебінен 7,4 трлн теңге бөлінеді. Бұл биылмен салыстырғанда 348 млрд теңгеге артық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама