Батыс елдері Ресей мен Беларуьске қарсы санкция салған
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Депутат Татьяна Савельева заң жобасының маңызына тоқталды.
Аталған заң жобасы Мәжілісте 2024 жылғы 4 тамызда Үкімет қаулысымен енгізілді. Кедендік әкелу баждары сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібі және оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеті кірісіне аудару туралы хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің қарсы міндеттемелерінің сомаларын аудару тетігін айқындайды.
2022 жылдан бастап Ресей Федерациясы АҚШ долларымен (ЕАЭО туралы шарт шеңберінде) қарсы міндеттемелерді есептеуді тоқтатты. Осыған байланысты, осы Хаттамаға уақытша тетікті айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде орталық банктер арасындағы қарсы міндеттемелер айырмасының сомасы Ресей рублімен аударылады. Осы өзгерістерді енгізу кеден баждарын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аударудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.
Дауыс беру нәтижесінде комитет заң жобасын қарауға алды.