Азық-түлік Нұр-Сұлтан қаласындағы базар бағасынан арзан болады
11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлердің өндірушілері қатысады деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жыл сайынғы дәстүрлі жәрмеңке маусымында тұтынушыларға көкөністердің негізгі түрлері, ет және сүт өнімдері, азық-түлік, балық, бал ұсынылады. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы базар бағасынан арзан болады.
«Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін жәрмеңкеге қазір Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылып отыр.
Айта кетсек, «Astana» ӘКК» АҚ жәрмеңкелерге қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды жалғастырып жатыр. Барлық сұрақтар бойынша 55-29-51 нөміріне хабарласуға болады.