Қарашығанақ кен орында жаңа газ компрессоры іске қосылды
Жоба өңірдегі экономиканың дамуына септігін тигізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын кеңейту жобасы аясында бесінші газ компрессоры іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жобаның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Балықбаев, PSA жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Бекет Избастин, аталған жобаны жүзеге асырған серіктес компаниялардың өкілдері және тағы басқалары қатысты.
Жаңа іске қосылған компрессор газды кері айдау көлемін айтарлықтай арттырып, сұйық көмірсутек өндіру процесін ұзартуға септігін тигізеді. Аталған жоба елімізде газ өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиев кен орнындағы жаңа газ компрессорының маңызына тоқталып, бұл өңір экономикасын дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ саласын дамыту маңызды міндет деп мәлімдеді. Қарашығанақ кен орнындағы бесінші газ компрессорының іске қосылуы газ өндірісін ұлғайтуға жол ашады, - деді облыс әкімі.
2026 жылы кен орнында алтыншы компрессор іске қосылады деп жоспарланып отыр.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысып жатыр, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.
КПО бас директоры Марко Марсилидің сөзіне сенсек, Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы сәтті жүргізіліп жатыр.
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ұжымының қарқынды жұмысының нәтижесінде бесінші газ компрессорын іске қосып отырмыз. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының Үкіметімен және біздің акционерлік компаниялармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Баршаңыз қолдау көрсетіп, ПРК-1A жобасын сәтті іске асырдық, - деді бас директор Марко Марсили.
Сондай-ақ жобаның ашылу рәсіміне қатысушылар Қарашығанақ кен орнындағы нысандардың жұмысы мен онда енгізілген жаңа инновациялық технологиялармен танысты.
Сарапшылардың пікірінше, аталған жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына іске асыруға да септігін тигізеді. Ол 2021 жылы іске қосылған. Ұлттық жоба өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуді көздейді.
Еске салайық, 1979 жылы ашылған Қарашығанақ мұнай-газ кен орны әлемдегі ең ірі – сұйық газ кен орындарының бірі. Кен орны еліміздің солтүстік-батысында орналасқан, ауданы 280 шаршы шақырымнан асады.
Қарашығанақ кен орны Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Shell (29,25 пайыз), Eni (29,25 пайыз), «Лукойл» (13,5 пайыз) және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (10 пайыз) атынан жұмыс істейтін компаниялар альянсы арасында жасалған өнімді бөлу туралы келісім аясында игеліріп жатыр.