Елдегі дәнді дақылдар алқабының 4,5 млн гектарға жуығы жиналды

Халық үні

Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Фото: pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады

Үкімет басшысының айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналған.

Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Ал су тасқынынан зардап шеккен 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті, 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.