Биыл елімізде жемшөп мөлшері артты

Қымбат Елтайқызы

Көлемі былтырғыдан әлдеқайда көп

фото: Halyq Uni

Қазақстанда 32,5 миллион тонна жемшөп даярланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы аймақтарда жемшөптің егіс алқабы 3,2 млн гектардан асып түсті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Осы ретте, егістікте орналасқан жемшөп үлесінің 13%-дан 14%-ға дейін ұлғайғанын атап өткен жөн.

Биылға 24,5 млн тонна шөп (1,5 жылдық жоспар - 36,7 миллион тонна), 5,5 млн тонна жем, 4,6 миллион тонна сабан, 2 млн тонна сүрлем мен 1,7 миллион тонна пішен дайындау жоспарланып отыр, – деп қосты ведомство.

Айта кетсек, 2024 жылғы 6-шы қыркүйекте 28,2 млн тонна шөп дайындалды. Бұл көрсеткіш 1,5 жылдық жоспардың 76,8 пайызын құрайды. Жылдық жоспардан 1,7 миллион тонна пішен немесе 103,7%, 1,5 млн тонна сабан, 1 миллион тоннадан астам жем және 657,5 мың тонна сүрлем жиналды.

Жалпы, қазіргі таңда өңірлерде жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты болып келеді.