Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында 80 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Бұл тек биылғы көрсеткіш

 Қымбат Елтайқызы 07.09.2024 | 09:59
Жамбыл облысында 80 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында 64 жер заңнамасының бұзылу фактісі анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден 79 мың гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, – деп қосты ведомство.

Жер қатынастары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау мақсатында Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті тұрақты негізде жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Соның нәтижесінде жер учаскесін өз бетінше иеленгені үшін 4 жер пайдаланушыларға нұсқама беріліп, айыппұл салынды.

Сондай-ақ жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін бір жыл мерзімге 50 нұсқама берілді. Жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін 3 жер пайдаланушыға 3 ай мерзімге нұсқама берілді.

Жер заңнамасын бұзғаны үшін 7 мемлекеттік мекемеге 1 ай мерзімге нұсқама берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және Жер ресурстарын басқару комитетінің бақылауында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама