Halyq Uni логотип
×

«Заңға қайшы келмейді». Қазақстан Қырғызстанның айыбын жоққа шығарды

Қырғыз тарапы елімізді ЕАЭО нормаларын бұзды деп айыптаған

 Дәурен Ерболат 10.06.2022 | 13:42
«Заңға қайшы келмейді». Қазақстан Қырғызстанның айыбын жоққа шығарды
Фото: МКК баспасөз қызметі

Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қырғызстан таққан айыпты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биыл 3 маусымда қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін «Қордай» және «Қарасу» өткізу пункттеріне Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқа мүшесі – кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов бастаған және қырғыз фискалдық органдары, Ресейдің кеден қызметінің өкілдері келген.

МКК жыл басынан бері қазақ-қырғыз шекарасы арқылы 119 мыңнан аса жүк көлігі өткенін атап өтті.

«Шекарадағы тексеріс заңға қайшы келмейді»

«Қазақстан тарапы ЕАЭО елдерімен шекарада тек шекаралық және экспорттық бақылауды жүзеге асыратынын, бұл ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидаттары мен нормаларына, сондай-ақ ұлттық заңнамаға қайшы келмейтінін жеткізді. Іске асырылған шаралар жүк көліктерінің қозғалысына кедергі келтірмейді», - деп жазылған хабарламада.

Биыл ақпанда Қазақстан мен Қырғызстан өзара саудада тасымалданатын жүкке арналған электронды шот-фактураларды (ЭШФ) пайдалану туралы келісімге келген. Қос тараптың фискалды органдары бизнес субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті болған. Бұл талап екі елдің заңнамасында бекітілген.

Алайда бұл келісімді қырғыз жөнелтушілері сақтамайды. Жүк тасымалдаушыларының айтуынша, қырғыз шекарасында кезек тасымалданатын жүктерге құжаттарды ресімдеуді күту себебінен туындайды, - деп жазылған хабарламада.

«Салықтан жалтарады»

Мемлекеттік кірістер комитеті ЭШФ-ның болмауы көлеңкелі сауданың айқын белгісі екенін, әрі жөнелтуші елдегі табысқа салынатын салықты және алушы елдегі қосылған құн салығынан жалтару екенін атап өтті.

«Осыған байланысты Қазақстанның салық органдары Салық кодексінің нормаларына сәйкес Қазақстан аумағында жүк көліктері тексеріледі», - деп жазылған хабарламада.

«Тауарларды заңсыз тасымалдайды»

Биыл 5 айда Қырғызстаннан Қазақстанға келген 4,7 мың жүк көлік тексеріліп, 99% заңбұзушылықтар анықталды.

Тексеріс барысында жалған акциздік маркаларды, майнинг жабдықтарды, электронды темекі мен басқа да тауарларды тиісті ресімдеусіз әкелу жағдайлары анықталды.

«Шекарадағы өткізу пунктінде Қазақстан мемлекеттік кірістер органдары тексеріс жүргізбейді. Анықталған барлық заңбұзушылық фактілері Қырғызстаның фискалдық органдарына хабарланды», - деп жазылған хабарламада.

2022 жылғы 8 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдерінің жұмыс сапарының қорытындысы шығарылған.

ЕЭК өкілдері Қазақстан өткізу пункттерінде кедендік бақылауды жүзеге асырмайтынын атап өткен.

Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нормаларын бұзды деп айыптаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама