Қазақстандық екі компания Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектескен

Дәурен Ерболат

Олар радиоэлектроника тауарларын сатқан

Фото: Halyq Uni

Қазақстандық екі компания Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектескен. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

АҚШ-тың ресми ақпараты бойынша (Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектескен) 2 отандық компания болған. Біріншісі – Twenty two компаниясы, ал екінші компанияның атын атай алмаймын. Басқа компаниялар туралы бізде ақпарат жоқ. Осы 2 компания радиоэлектроника тауарларын сатқан, - деді Арман Шаққалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Сөз соңында министр тауарларға экспорттық бақылау бұрыннан жүргізілетінін атап өтті.