Кибершабуылдар көбейіп жатыр – сарапшылар ұсыныс жасады

Қымбат Елтайқызы

Президент те Жолдауында ақпараттық технологиялар мәселесін қозғаған еді

фото: Halyq Uni

Qaztech сарапшылары «кибершабуылдар көбейіп жатыр – әлемдік IT стандарттарын енгізудің қажеттілігі артып келеді» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Qaztech сарапшылары президенттің өз жолдауында ақпараттық технологиялар саласында әлемдік стандарттарды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткенін айтады. Бұл стандарттар деректер мен жүйелерді сенімді қорғау үшін жасалған және цифрлық ортада жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін сынақтан өткен әдістер жинағы.

Бұл тақырыптың өзектілігі әлемдік статистикамен расталады. Өткен жылмен салыстырғанда кибершабуылдар саны 30%-ға өсті. Бұл елеулі қаржылық шығындарға алып келеді. 2023 жылы киберқылмыстардан болған жаһандық шығындар шамамен 8 триллион АҚШ долларын құрады. 2024 жылы да бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтардың саны 25%-ға артқаны байқалды, – деді Qaztech альянсы ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы Евгений Питолин.

Жаһандану жағдайында компаниялар халықаралық нарықтарда жұмыс істеп, әлем бойынша серіктестермен ынтымақтасқанда, әлемдік стандарттар бизнес үшін маңызды. Бұл стандарттар компанияларға әртүрлі елдің заңдары мен талаптарына сәйкестікті сақтауға, сондай-ақ тәуекелдер мен осалдықтарды тиімді басқаруға көмектеседі. Бұл оқыс жағдайлардың болу ықтималдығын азайтып, қауіптерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Евгений Питолинннің айтуынша, халықаралық стандарттарды енгізу клиенттер мен серіктестердің сенімін арттырады. Әлемде мойындалған стандарттарды сақтайтын ұйымдар жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен деректерді қорғауға берілгендігін көрсетеді. Бұл олардың бәсекелестік артықшылығына айналуы мүмкін. Деректерінің сенімді қорғалғанын білген клиенттер мен серіктестер осындай ұйымдармен жұмыс істеуге көбірек ынталы болады.