Теңізшевройл Теңіз кен орнында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады

Қымбат Елтайқызы

Жөндеу сәтті аяқталды

фото: Теңізшевройл

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Теңіз кен орнында 2024 жылғы күрделі жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТШО Қазақстандағы Теңіз мұнай-газ кен орнындағы Кешенді технологиялық желілер зауытында (КТЖ) бес технологиялық желілердің екеуінде техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын белгеленген жоспар мен бюджет аясында қауіпсіз аяқтады. 2024 жылы КТЖ-1 күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы өткен КТЖ-1 күрделі жөндеуімен салыстырғанда жұмыс тиімділігінің 23%-ға артқанын көрсетті.

Қазақстан заңнамасына және мұнай-газ саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында ТШО-ның негізгі өндірісінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін салалық жетекші жұмыс әдістері қолданылды.

ТШО-ның күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде үлкен тәжірибесі бар. Бұл компанияға соңғы 10 жыл ішінде негізгі өндірісіндегі жабдықтардың сенімділігіне 98%-дан астам қол жеткізуге көмектесті.

Биылғы күрделі жөндеу ТШО мен біздің мердігер компаниялар арасындағы тығыз ынтымақтастықты көрсетеді. Мен қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен адалдығын, сондай-ақ олардың қауіпсіздікке, тиімділікке және жоғары деңгейге жетуге деген мызғымас адалдығын мақтан тұтамын. Осының арқасында күрделі жөндеу сәтті өтті, - деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.

Күрделі жөндеу жұмыстарына 7000-нан астам қазақстандық қызметкер қатысса, 20 жергілікті мердігер ұйымы жабдықтың тұтастығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жақсарту бойынша бірқатар іс-шараны іске асырды.

«Осы кезең барысында біз қазақстандық өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді жұмыстарға тартуға басымдық бердік. Бұл тәсіл қауіпсіз және сенімді жұмысты қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті жұмысшылардың кәсіби дәрежелерін дамытуға айтарлықтай үлес қосады», - деп ерекше атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнайды, сұйытылған газды, құрғақ газды және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО заманауи технологияларды енгізіп, өз жұмысын әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сай жүргізеді. ТШО 1993 жылдың сәуірінде Қазақстан мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған шарт бойынша құрылған. Компания серіктестері – «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%; ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc. - 25% және «Лукойл» - 5%.