Қазақстанда 6,4 млн тонна астық бастырылды

Динара Амантай

Егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге бөлінген

Фото: Halyq Uni

Бүгінде республика бойынша 4,2 млн гектар дәнді дақылдар жиналды. Орташа өнімділік өнімділік 15,3ц/га болғанда 6,4 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналып, 15,0 ц/га өнімділікпен 4,5 млн тонна бастырылған, ал арпа 926,7 мың гектарда 16,5ц/га өнімділікпен 1,5 млн тонна, сұлы 36,1 мың гектарда 15,8ц/га өнімділікпен 57 мың тонна бастырылған.

Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, ал көкөніс дақылдары 62,2мың гектардан 247,7ц/га өнімділікпен 1,5миллион тоннадан астам жиналды. Бақша дақылдары 88,9 мың гектар алқаптан жиналды, өнімділігі – 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты, – делінген АШМ абарламасында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.