Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда азық-түліктің қай түрі қымбаттады

Бағалар статистикасы жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 10.06.2022 | 10:45
Қазақстанда азық-түліктің қай түрі қымбаттады
коллаж: Halyq Uni

Өткен аптада және ай басынан бері кезеңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,4%-дан, жыл басынан бері – 16,3%-ға өсті, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

«Жылдық мәнде олар 19,9%-ға қымбаттады. Бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 7,1 пайыздық тармаққа жоғары», – дейді бюро.

Бір апта ішінде бағасы өскен азық-түлік:

  • құмшекер – 3,1%;
  • пияз – 1,9%;
  • картоп – 1,2%.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты – тұздалмаған сары май, сиыр еті, сүзбе.

Еліміз бойынша орташа баға (2022 жылғы 7 маусым):

  • сары май – 3177 тг/кг;
  • сиыр еті – 2169 тг/кг;
  • сүзбе – 1667тг/кг.

Бидай да қымбаттап жатыр. Нанның бағасы не болмақ? Азық-түлік ең көп қымбаттаған өңір белгілі болды. Ербол Қарашөкеев қандай азық-түлік тауарлары қымбаттамайтынын айтты. Атырауда қант бағасы күрт қымбаттады: супермаркетте адам басына 2 келіден артық сатылмайды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама