Halyq Uni логотип
×

Президент банктер туралы жаңа заң әзірлеуді ұсынды

Қолданыстағы құжат осыдан 30 жыл бұрын қабылданған

 Дәурен Ерболат 02.09.2024 | 11:17
Президент банктер туралы жаңа заң әзірлеуді ұсынды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде банктер туралы жаңа заң керек екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды, - деді президент Қазақстан халқына жолдауында.

Тоқаевтың айтуынша, қазір елімізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр.

Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама