Halyq Uni логотип
×

«Ауыл аманаты»: шаруаларға 14,5 мың шағын несие берілді

Бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлу көзделген

 Динара Амантай 30.08.2024 | 15:15
«Ауыл аманаты»: шаруаларға 14,5 мың шағын несие берілді
Фото: Halyq Uni

Биыл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, беруге жоспарланған 17 мың микронемиеден 14,5 мың несие беріліп, 15,5 мың жұмыс орны қамтамасыз етілген. 11,9 мың микрокредит мал шаруашылығын дамытуға, 539-ы өсімдік шаруашылығын дамытуға, 411-і техника мен жабдықтар сатып алуға және қызметтің басқа салаларына 1,6 мың микрокредит алуға бағытталған.

«Ауыл аманатын» іске асыру кезінде өңірлерде 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оның 321-і 6,7 млрд теңгеге қаржыландырылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3911 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 361, мал шаруашылығында – 1510, басқа да қызмет түрлерімен 2040 айналысады. 2023 жылы олар 67,8 млрд теңге сомасына шамамен 1,2 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімін өндірдіп, өсімдік шаруашылығында 22,3 млрд теңге сомасына 1053,6 мың тонна, мал шаруашылығында 45,5 млрд теңге сомасына 187,3 мың тонна, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық, – делінген министрлік хабарламасында.

Биыл бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлу көзделген, 18,2 мың жұмыс орнын құрумен 17 мың шағын несие беру жоспарланып отыр.

АШМ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттеу қағидаларына микрокредиттеудің ақпараттық жүйесіне өтінім беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірледі.

Рәсімдердің ашықтығы үшін өтінімдерді электронды түрде беруге және қарауға мүмкіндік беретін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесі әзірленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама