Ескі купюралар қанша жыл қолданыста бола алады

Дәурен Ерболат

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға алаңдамауға кеңес берді

Фото: Halyq Uni

Ескі 5-10 мың теңгелік банкноттар 2 жыл қолданыста болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазір бұл ескі купюрамен сауда жасауға болады.

Ескі купюраларды әкеліңіздер деп міндеттеу болмайды. Біз оларды арнайы ауыстырмаймыз. 2 жыл ішінде ескі купюралар параллельді түрде қолданыста болады. Ескі купюра толық таусылғанша қабылданады. Мұнда уайымдайдың қажеті жоқ. Егер сізде ескі 5-10 мың теңге болса, төлем жасауға болады. (Кейін) банктер оларды қабылдап, жаңасына ауыстыра алады, - дейді төраға.