Halyq Uni логотип
×

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды

Жылдық инфляция шілдеде 8,6%-ға дейін өсті

 Халық үні 29.08.2024 | 12:03
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық банктің хабарлауынша, шілдеде жылдық инфляция 8,6%-ға дейін өсті. Ол Ұлттық банк болжамы аясында қалыптасқан.

Айлық инфляция мен оның орнықты бөлігі едәуір қарқын алды. Дамыған елдердегі орталық банктердің тежеу саясаты нәтижесінде жаһандық инфляция баяулап келеді. Фискалдық ынталандыру көлемінің өсуі, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің реформасы аясында тарифтер өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер есебінен экономикада проинфляциялық қысым күшейді, - деп хабарлады Ұлттық банк.

Келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдығын арттыруға себепші болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама