Halyq Uni логотип
×

2025 жылы зейнетақы мен стипендия өседі

Келесі жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді

 Дәурен Ерболат 27.08.2024 | 15:45
2025 жылы зейнетақы мен стипендия өседі
Фото: Halyq Uni

2025 жылы зейнетақы мен стипендия мөлшері өседі. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ұсынылды. Құжат 2029 жылға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.

Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып 9,8 трлн теңге бағытталады, - деді Мәди Такиев.

Шығыстардың өсуіне келесі факторлар әсер етеді.

Біріншіден, инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеу: базалық зейнетақы мен жәрдемақыны 6,5 %-ға, ортақ зейнетақыны инфляцияның орташа деңгейінен 2%-ға асыра отырып, 8,5%-ға индекстеу. Индекстеуге және әлеуметтік төлемдерді алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 млрд теңге бағытталады. Нәтижесінде 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңге болады, – деді министр.

Екіншіден, 2024 жылмен салыстырғанда гранттар саны 2,5 мыңға ұлғаяды. Нәтижесінде қосымша орындарды ескерсек, 2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінеді.

Үшіншіден, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту. Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін 117 098 теңге болады, - деді Мәди Такиев.

Төртіншіден, халық санының өсуі мен науқастар санының ұлғаюын ескеріп, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама