Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда қымбатшылық қарқыны төмендейді

2025 жылы инфляция 5,5-7,5% болады деп жоспарланған

 Дәурен Ерболат 27.08.2024 | 10:42
Қазақстанда қымбатшылық қарқыны төмендейді
Фото: Halyq Uni

Елімізде қымбатшылық бәсеңдейді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында Қазақстанның 2025-2029 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы есеп берілді. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде бағаның өсуі сәл бәсеңдейтінін атап өтті.

2025 жылы инфляция деңгейі – 5,5-7,5%, 2026 жылы – 5-6% деңгейінде айқындалды. 2027-2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді, - деді үкімет басшысының орынбасары.

Министрдің сөзін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов нақтылады.

«2024 жылы инфляция 7,5-9,5%-дан 2025 жылы 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды. Кейін инфляция орта мерзімде 5%-дық таргет төңірегінде болады деп жоспарланған. Инфляцияның төмендеуіне іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты, әлемдік тауар нарығындағы бағаның тұрақталуы әсер етеді», - деді Сүлейменов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама