×

ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады

Жуырда көліктердің ірі партиясы жеткізілді

 Қымбат Елтайқызы 24.08.2024 | 12:55
фото: ҚТЖ

ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды.

Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль әкелінеді. Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүкте – Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады, – деп қосты компания.

Бұл жоба компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы сенімді жүк тасымалдау қатынасын қолдау жөніндегі табысты стратегиясының іс жүзіндегі көрінісі саналады.

Бұл ретте, тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТЖ-ның еншілес компаниясы – «KTZ Express» АҚ әртүрлі жүкті тасымалдау бойынша жоғары сапалы қызметтерді ұсынып, өңірдегі жетекші логистикалық оператор ретінде өз позициясын нығайтып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама