Елімізде 2,4 млн тонна астық бастырылды
Барлық аймақта егін жиналып жатыр
Қазақстанның барлық өңірінде егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 23 тамызда 1,3 млн гектарға жуық дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 18,5 ц/га 2,4 млн тонна астық бастырылды.
Көкөніс дақылдары 51,9 мың гектардан жиналды, өнімділігі 248 ц/га 1,3 млн тоннаға жуық жиналды. Бақша дақылдары – 82,7 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 249,3 ц/га жалпы алым 2 миллион тоннадан асты, – деп қосты ведомство.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа техника қатысады.
Қолда бар астықты сақтау сыйымдылығының жалпы көлемі 30 млн тоннадан асады. Бұл болашақ егіннің астығын және ауыспалы қорларды сақтау үшін жеткілікті. Оның ішінде 13,4 млн тонна – бұл 191 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнының қуаты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 16,6 млн тонна астық сақтау сыйымдылығы бар.
Жалпы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.