Шымкентте өндіріске арналған жер мемлекетке қайтарылды

Қымбат Елтайқызы

Ол ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған

фото: Жер ресурстарын басқару комитеті

Шымкент қаласында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық Жер қатынастары басқармасының хаты негізінде Шымкенттің Жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп мәлімдеді Жер ресурстарын басқару комитеті.

Нәтижесінде өндірістік базаны теміржол тұйығымен бірге жобалау мен құрылысын салу үшін арналған жалпы ауданы 0,3155 га жер учаскесінің ұзақ мерзім бойы пайдаланылмай жатқаны анықталған, – деп қосты ведомство.

Департамент ЖШС-ке жер заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы бір жыл мерзімде орындалуы тиіс нұсқама берді. Нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берді. Соттың 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылды.